Қазақстан тарихында алғаш рет бадминтоннан Олимпиадаға жолдама алды

17.04.2024, 22:06

Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды

olympic.kz

Бадминтон спортынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасына жолдама алды. Бұрын-соңды аталған спорт түрінен елімізден ешбір спортшы Олимпиада ойындарына қатысып көрмеген.

Әлемдік рейтингте Панарин 25 005 ұпаймен 31-орынға жайғасқан. Ал, Қазақстан құрамасы 2 695 ұпаймен 25-орында тұр.

«Біз соңғы үш айда үйде болған жоқпыз, рейтингтік ұпай жинау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Біздің олимпиадалық жүйе тура дзюдо жүйесі секілді, бәрі рейтингтік ұпайға байланысты. Көп ұпай жинау үшін жарыстарға көп қатысып, барынша жоғары орындар иелену қажет.

Олимпиадаға рейтингтің алғашқы 38 орнын иеленген спортшылар қатысады. Панарин 25 005 ұпаймен 31-орында тұр. Жолдамаға іріктеу кезеңі 28 сәуірде аяқталады. Оған дейін екі жарыс бар. Бірақ, ол екеуінің де нәтижесі Панаринді жолдамадан айыра алмайды. Сондықтан біз спортшымыздың Олимпиада ойындарына қатысатын алғашқы қазақстандық деп сеніммен айта аламыз», - деді құраманың бас бапкері Асқар Орманов.

Қолға жолдама тигеннен соң Дмитрий Панарин Татарстанға кетті. Ол Қазан университетінде білім алып жүр. Қазір диплом қорғайын деп жатыр.