Қазақстанда әзірге небәрі 32 жолдама бар
Gracenote - Nielsen сараптамалық агенттігінің сарапшылары Париж Олимпиадасында қай ел қанша медаль алуы мүмкін екенін болжады.
Компания алдыңғы Олимпиаданың нәтижелерін, содан кейін өткен барлық жарысқа талдау жүргізген. Болжамға сәйкес, қазақстандық спортшылар әртүрлі дәрежедегі 10 медаль ұтып алуы мүмкін.
Басылым Қазақстан Токиодағы көрсеткішін жақсартуға қабілетті деп отыр. Мамандар отандық спортшылар екі алтын, бір күміс және жеті қола медаль еншілеуі мүмкін дегенді алға тартады.
Жүлделер жиынтығының витруалды кестесінде Қазақстан 26-орынға жайғасқан. Ал Өзбекстан бізден жоғарыда тұр: 3 алтын, 2 күміс, 8 қола).
Gracenote VMT болжамынша, Париж олимпиадасында АҚШ көш басында тұр – 123 медаль. «Егер АҚШ құрамасы үмітті ақтаса, онда олар Жазғы ойындарда қатарынан сегізінші рет бірінші орын иеленбек», - делінген агенттік мәліметінде.
Gracenote болжамына сәйкес, Париж олимпиадасының көшбасшылары:
1. АҚШ - 39 алтын, 37 күміс, 47 қола.
2. Қытай - 35 алтын, 30 күміс, 24 қола.
3. Франция - 28 алтын, 18 күміс, 8 қола.
4. Ұлыбритания - 13 алтын, 23 күміс, 30 қола.
5. Аустралия - 13 алтын, 19 күміс, 18 қола.
26. Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Токиода 8 қола медальмен 83-орын еншіледі.