Елена Шалыгина Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады

Редактор
20.04.2024, 11:21

Жәмилә Бақбергенова алғашқы белдесуін жеңді

olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан Азия аймағы бойынша олимпиадалық іріктеу турнирінде 68 келіде күрескен Елена Шалыгина жолдамадан тыс қалды. 

Ол алғашқы белдесуінде Қырғызстан балуаны Мейірім Жұманазаровадан уақытынан бұрын ұтылса (6:2), екінші белдесуінде солтүстіккореялық спортшыдан 10:0 есебімен тағы да негізгі уақыттан ерте жеңілді. 

Бұл салмақта іріктеу айналмалы жүйе бойынша өтеді. Алайда легионер спортшы өз мүмкіндігін мүлт жіберді.

76 келіде сынға түсетін Жәмилә Бақбергенова алғашқы айналымда тайпейлік спортшыдан басым түсті.

62 келіде Ирина Кузнецова Үндістан балуанынан 6:4 есебімен жол берді.

57 келіде Эмма Тиссина да алғашқы айналымда Қытай спортшысынан ірі есеппен ұтылды.

50 келіде Лаура Ғаниқызы мен 53 келіде Жұлдыз Ешімова енді бір жеңіске жетсе, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады.