Лицензиялық турнирде еліміздің әйелдер құрамасынан үш балуан күреседі

20.04.2024, 12:33

Лицензияға бір табан қалды

Olympic.kz

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының 3 балуаны жартылай финалға шықты.

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілдері Жұлдыз Ешімова мен Лаура Ғаниқызы, Жәмила Бақбергенова келесі сында жеңіске жетсе, Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізеді.

Бұған дейін ширек финалда 50 келіде Лаура Ғаниқызы филиппиндік Джи Пинотты сенімді түрде жеңген болатын. Ал, Жұлдыз Ешімова вьетнамдық Нгуен Тхи Трангтан басым түсті. 76 келіде Жәмила Бақбергенова Қытайлық Тайпей, кейін Өзбекстан құрамасының балуандарын жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтті.