Демеу Жадраев Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

21.04.2024, 18:35

Енді 130 келіде Әлімхан Сыздықов Қырғызстан балуанымен жолдама үшін шешуші белдесуге шығады

Olympic.kz

Грек-рим күресінне 77 келіде күресетін Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ол Бішкектегі Азия аймақтық іріктеу турнирінде Оңтүстік Корея балуанынан басым түсті.

Аталған турнирге 77 келі салмақта 9 балуан ғана қатысты. Бұл ретте Демеу алғашқы белдесуін Түркменстан өкілі Базаргелді Езимовке қарсы өткізіп, 9:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал шешуші белдесуд корей өкілі До Во Лиді 5:2 есебімен қапы қалдырды. Бұл салмақта екінші жолдаманы Иран балуаны иеленді.

Бүгін белдескен Қазақстан балуандары арасында 60 келіде Айдос Сұлтанғали жолдамаға ие болды. Сондай-ақ, 67 келіде Мейіржан Шермаханбет шешуші белдесуде Жапония балуанына 7:2 есебімен ұтылып, жолдамасыз қалды. Енді 130 келіде Әлімхан Сыздықов Қырғызстан балуанымен жолдама үшін шешуші белдесуге шығады.