Ел сенім артқан Абиба Әбужақынов, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаевтар Азия чемпионатынан құралақан қайтты
Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының жекелей сынындағы соңғы жарыс күнінде тағы да бірде-бір қазақ балуаны финалға шыға алмады.
Бүгін белдескен балуандардан тек Нұрлыхан Шархан ғана жартылай финалға жетті. Ширек финалда кореялық дзюдошы Вон Джунгвоннан басым түскен жерлесімізді одан кейін өзбек балуаны тоқтатты. 2022 жылғы әлем чемпионы Музаффарбек Туробоев қазақ дзюдошысынан айласын асырып, финалға өтті.
Ал аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев ширек финалда жеңілді.
Осылайша, Гонконгтағы Азия чемпионатында бірде-бір балуанымыз финалға шыға алмады. Кеше 63 келідегі Эсмигуль Куюлова қола жүлде алған еді. Оның алдында Жанарыс Рахметқали (66 келі) мен Ғалия Тыныбаева (48 келі) үздік үштіктен көрінген.
Ал ел сенім артқан Абиба Әбужақынов, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаевтар Азия чемпионатынан құралақан қайтты.