«Ешқандай ренішім жоқ»: қырғыз балуаны қазақ қарсыласының шапалақпен тартып жіберді (ВИДЕО)

Редактор
22.04.2024, 13:25

Төреші оны екі ұпаймен ғана жазалады

АКИ пресс

Бішкекте күрес түрлерінен аяқталған лицензиялық жарыста 130 келіде өнер көрсеткен қырғызстандық Роман Ким қазақ балуаны Әлімхан Сыздықовпен белдесу кезінде оның шапалақпен тартып жіберді. Осылайша ереже бұзғаны үшін ол Олимпиада жолдамасынан да қағылып отыр.

Күрес кезінде эмоцияға беріліп кеткен Ким қарсыласына қол көтеріп, төреші қазақ балуанына 2 ұпай қосып берді. Нәтижесінде белдесу 7:7 есебімен аяқталып, әдісті көбірек істеген Әлімхан Сыздықов жеңімпаз атанды.

Осы оқиғадан кейін қазақстандық балуан Хабар-24 телеарнасына сұхбат беріп, қырғыз қарсыласына ренжімегенін айтты.

«Енді ол күрес қой. Эмоция бар жерде сондай болады. Ешқандай ренішім жоқ. Кілемде қарсыласым болса да, өмірде бауырым. Бапкерім шыда, эмоцияға берілме деді. Өзімді барынша ұстадым», - деді Сыздықов.

Отандасымыз осы жеңістен кейін Олимпиада ойындарына жолдама алды.