Стенд атудан Қазақстан қоржынына алғашқы лицензия түсті

24.04.2024, 09:48

Дохада қазақстандық мергендер Олимпиада жолдамасы үшін таласып жатыр

olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды деп хабарлады olympic.kz.

Дохада (Катар) өтіп жатқан іріктеу турнирінде отандасымыз «трап» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсеткен. Осылайша спортшымыз алғашқылардың бірі болып аталмыш спорт түрінен Қазақстан қоржынына лицензия салды. 

Айта кетейік, Дохада ел намысын 21 мерген қорғайды. Ал турнирдің өзі 29 сәуірде аяқталмақ.

Осыған дейін Дмитриенко Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада өнер көрсетіп, 8-орын алған еді