Оның бірі – күміс, екеуі – қола
Дубайда жеңіл атлетикадан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құрама спортшылары 3 медальға ие болды деп хабарлады olympic.kz.
Олардың арасында сырықпен секіруден қыздар санатында Анна Черкашина күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал ерлер арасында Иван Сенин онсайыстан қола медаль иегері атанды.
Сондай-ақ, 400 метрге жүгіруден әйелдер бәсекесінде Мария Шувалова үштікке еніп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Бұған дейін Біріккен Араб Әмірлігінде басталған 21 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы сары құрлық біріншігінде Қазақстан спортшысы Фаина Мейірманова биіктікке секіруден күміс медальға ие болған-тын.