Парижге Қазақстаннан кімдер жолдама алып үлгерді?

Редактор
26.04.2024, 13:52

Спорт министрлігі көздеген мақсатына жете ала ма?

Қазақстан бокс федерациясы

Париж Олимпиадасының басталуына да санаулы уақыт қалды. Olympics.com мәліметі бойынша Қазақстанда қазір 47 жолдама бар. Туризм және спорт министрлігі іріктеу сайыстары аяқталғанша 80 жолдама алғылары келетінін айтқан еді.

Министрі Ермек Маржықпаев мақсат – 20-25 спорттан 80 жолдама алу деп отыр.

Сонымен, Қазақстанда кімдерде жолдама бар:

Бокс (7 лицензия, жолдама боксшыға жекелей беріледі)

  • Карина Ибрагимова – 57 келі (әйелдер)  
  • Сәкен Бибосынов – 51 келі
  • Сабырхан Махмұд –57 келі
  • Асланбек Шымбергенов – 71 келі
  • Нұрбек Оралбай – 80 келі
  • Айбек Оралбай – 92 келі
  • Қамшыбек Қоңқабаев – +92 келі.

Нысана көздеу (5 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • 10 метрге пневматикалық мылтықтан оқ ату – Ислам Сәтбаев
  • Пневматикалық мылтықпен көздеуден (50 метрден, үш позиция) – Арина Алтухова
  • Жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеу – Никита Чирюкин
  • 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысы  – Александра Ле
  • Пневматикалық мылтықпен (50 метрден, үш позиция) – Константин Малиновский

Греко-рим күресі (4 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • 60 келі – Айдос Сұлтанғали
  • 77 келі – Демеу Жадыраев
  • 87 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов
  • 130 келі – Әлімхан Сыздықов

Садақ ату (4 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • Ерлер, командалық сайыс – Ильфат Абдуллин, Александр Еременко және Дәулеткелді Жаңбырбай
  • Ерлер, жекелей сын
  • Ерлер, жекелей сын
  • Ерлер, жекелей сын

Семсерлесу (4 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • Ерлер, командалық сайыс – Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, жекелей сын – Эльмир Әлімжанов
  • Ерлер, жекелей сын
  • Ерлер, жекелей сын

Еркін күрес (3 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • 86 келі – Азамат Дәулетбеков
  • 97 келі – Әлішер Ерғали
  • 125 келі – Юсуп Батырмұрзаев

Каноэ мен байдаркадан ескек есу (3 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • Екі адамдық каномен 500 метрге жарысу – Сергей Емельянов мен Тимур Хайдаров
  • Екі адамдық каномен 500 метрге жарысу – Мария Бровкова мен Руфина Искакова 
  • Екі адамдық байдаркамен 500 метрге жарысу - Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий

Велоспорт (3 жолдама)

  • Тас жолдағы жарыс, ерлер
  • Тас жолдағы жарыс, ерлер
  • Уақытқа жекелей жарыс, ерлер

Қазіргі бессайыс (2 жолдама)

  • Елена Потапенко, әйелдер
  • Георгий Борода-Дудочкин, ерлер

Спорттық гимнастика (2 лицензия, жолдама спортшыға беріледі)

  • Ерлер, көпсайыс – Милад Карими
  • Ерлер, гимнастикалық ат снаряды – Нариман Курбанов

Тхэквондо (2 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • Ерлер, 58 келі – Самирхон Абабакиров
  • Ерлер, 80 келі – Батырхан Төлеуғали

Бадминтон (1 лицензия, жолдама құрамаға беріледі)

  • Ерлер –  Дмитрий Панарин

Академиялық ескек есу (1 жолдама құрамаға беріледі)

  • Ерлер, жекелей сын – Владислав Яковлев

Жеңіл атлетика (1 лицензия, жолдама спортшыға беріледі)

  • Әйелдер, марафон – Жанна Мамажанова

Батут (1 лицензия, жолдама спортшыға беріледі)

  • Ерлер, батутқа секіру – Данил Мусабаев

Стенд ату (1 лицензия, жолдама спортшыға беріледі)

  • Әйелдер, трап – Мария Дмитриенко.