Ол лицензиялық турнирге қатыспайды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасында әзірге Париж Олимпиадасына бір де бір лицензия жоқ, енді балуан қыздарымыз Стамбұл төрінде жолдаманы сарапқа салады.
Бас бапкер Қайрат Сағадиев Түркиядағы лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар тізімін атады. Бұл – Олимпиада жолдамасын иеленуге соңғы мүмкіндік.
Ол үшін әр қатысушы өз салмағында үздік үштікке ілігуі қажет. Сағадиев бұл жолы тізімге Жәмила Бақбергенованы қоспапты. Жаттықтырушы балуанның Бішкектегі жеңілісін «кешірмеген» тәрізді.
Сонымен, лицензиялық турнирге мына балуан қыздар қатысады:
Әлемдік іріктеуге Азиядағы іріктеуге қатысқандардан Лаура Ғаниқызы мен Ирина Кузнецова ғана өткен. Ал Жұлдыз Ешімова (53 кг), Эмма Тисина (57 кг), Елена Шалыгина (68 кг) мен Жәмила Бақбергенова (76 кг) тізімнен тыс қалды.