Ақжүрек Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
27.04.2024, 11:54

Ол бұған дейін колледж басшысы қызметінен даумен кеткен болатын

Жамбыл облыстық Спорт басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының №7 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы болып Ақжүрек Таңатаров тағайындалды.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров 2012 жылы Лондон Олимпиадасында еркін күрестен қола медаль алған.

Карьерасын аяқтаған соң 2018 жылы Тараз қаласында «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №5 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысы болған.

  • 2021 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» басшысы;
  • 2023 жылы Тараз қаласы «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ басшысы;
  • 2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» КММ басшысы;
  • 2024 жылы Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Еске сала кетсек, былтыр ол Олимпиадалық резервтің Жамбыл облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі басшысы қызметінен қуылған еді. Бірақ өзі қызметтен заңсыз шығарылғанын айтқан.