Семсерлесуден қазақстандық спортшы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Редактор
28.04.2024, 22:14

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын

Қазақстан семсерлесу федерациясы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Олимпиада лицензиясын еншіледі, деп жазады Olympic.kz. 

Жарыста Қазақстан намысын Әйгерім Сарыбай қорғап, сәтті өнер көрсетті. Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетелік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады. 

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.