Қазақстан спортшылары иеленген жолдамалар саны елуге жуықтады

Редактор
29.04.2024, 12:09

Лицензия саны әлі 50-ге жетпеді

olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарының жолдамасын иеленді деп хабарлайды olympic.kz.

Отандасымыз Катар астанасы Дохада өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсеткен болатын. Ещенко «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. Бұл сында ол үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін Дохадағы сында «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын иеленген еді.

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына әзірге 48 жолдама иеленді. Бұл көрсеткіш бойынша Олимпиадаға дейін лицензиялар санын 80-ге дейін жеткізу көзделіп отыр.