Жәмилә Бақберген тізімнен тыс қалды
Күрес түрлерінен Стамбұлда Париж Олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысатын әйелдер құрамасының балуандары анықталды. Бас бапкердің бекітуімен Түркиядағы турнирде ұлттық құраманың 6 бұрымды балуаны белдеседі. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова да бар.
19-21 сәуір күндері Бішкекте өткен іріктеу турниріне қатысқан 6 балуан жолдамаға қол жеткізе алмады. Олардың арасынан тек 50 кеілде белдескен Лаура Ғаниқызына қайтадан мүмкіндік беріліп отыр. Ол Қырғызстан астанасында шешуші белдесуде есе жіберген болатын.
Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі 9-12 мамыр күндері аралығында өтеді. Бұған дейін бұл сында белдесетін грек-рим және еркін күрес балуандары анықталған еді.