Қазақстанның ең үздік дзюдошысы Абиба Әбужақынова Астанадағы Гранд Слэмге қатыспайды

Редактор
30.04.2024, 23:05

Ерлер құрамасында үздіктердің бәрі бар

Қазақстан дзюдо федерациясы

Алдағы 10-12 мамыр күндері Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Осы додаға қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Бірақ олардың арасында Абиба Әбужақынова жоқ.

Әйелдер құрамасының көшбасшысы соңғы жылдары Қазақстан дзюдошылары арасында ең тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген балуан. Федерацияның түсіндіруінше, олимпиадалық рейтингте ұпайын түгендеп алған спортшы әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Сондықтан Абиба Әбужақынова Астанадағы Grand Slam жарысынан тыс қалмақ.

Турнир өз елімізде өтетіндіктен, әр салмақта төрт балуаннан қатысуға рұқсат берілген. 

Ерлер: 

  • 60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
  • 73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді; 
  • 90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов; 
  • 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев; 
  • +100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.