Иппонға түскен қазақ балуанын төрешілер келесі кезеңге өткізіп жіберді (ВИДЕО)

Редактор
04.05.2024, 13:37

Жарыс 5 мамырда мәресіне жетеді

Olympic.kz

Душанбеде дзюдодан Үлкен дулығаның (Grand Slam) екінші күні өтіп жатыр. Бұл сында қазақстандық Дархан Қойбағар турнирдің келесі кезеңіне өтті. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дархан оңтүстіккореялық қарсыласын жеңді.

1/16 финалда қазақстандық дзюдошының қарсыласы Енгель Ли иппон әдісін қолданғанымен, төрешілер оның басы жерге тиді деп шешім қабылдап, оған шидо берді. Бұл кәріс балуанының үшінші шидосы болатын. Яғни, үш ескерту алғаны үшін ол жеңілді деп есепке алынды. Келесі кезеңге Қойбағар өтті.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Мағжан Шамшадин күміс медальге қол жеткізді.