Қазақстан дзюдошылары Grand Slam турнирінен тағы да алтынсыз қалды

Редактор
05.05.2024, 20:20

Қоржында бір күміс, екі қола медаль бар

olympic.kz

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдо күресінен Grand Slam турнирі аяқталды. Қазақстан спортшыларына тағы да алтын бұйырған жоқ.

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта күрескен Камила Берліқаштың қола жүлдеге мүмкіндігі болған. Бірақ польшалық балуандармен белдесуі сәтсіз аяқталды.

Ол алдымен жартылай финалда Кинга Волчакқа есе жіберсе, кіші финалда оның отандасы Урсула Хофманнан ұтылды.

Сөйтіп, ұлттық құрама алғашқы екі күндегі 1 күміс, 2 қоламен қайтты. Жүлдегерлер Мағжан Шамшадин (60 келі) – күміс, Дархан Қойбағар (73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (81 келі) қола медаль жеңіп алған.

Жалпы, Қазақстаннан жарысқа 18 (13 ер, 5 әйел) балуан барған.

Енді Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam турнирі 10-12 мамыр аралығында Астанада өтеді.