Күрес: Парижге лицензиялар саны бойынша қай елдер көш басында тұр?

Редактор
13.05.2024, 13:59

Қазақстанның қыздар құрамасы мүлдем жолдама ала алмады

Olympic.kz

Қазақстандық балуандарда күрес түрлері бойынша небәрі 7 жолдама бар: 4 грек-рим күресі және 3 еркін күрес. Жалпы есепте құрамамыз Өзбекстанмен 11-орынды бөлісіп тұр.

Бейтарап спортшыларды есептемесек, онда АҚШ балуандары топ басында: 18 жолдаманың 15-ін иеленген. Екінші орынға 13 лицензиямен жапондар жайғасса, үшінші орын Әзербайжанға тиесілі –12 жолдама.

1. АҚШ - 15 (грек-рим күресінде 3 жолдама жоқ)

2. Жапония - 13 (еркін күресте 2 және грек-рим күресінде 3 лицензия жоқ)

3. Әзербайжан - 12 (грек-рим күресінде 1 және әйелдер күресінде 5 жоқ)

4. Қытай - 11 (еркін күресте 3, грек-рим күресте 3 және әйелдер күресінде 1 жоқ)

4. Мысыр - 11 (еркін күресте 2 және әйелдер күресінде 5 жоқ)

4. Иран - 11 (еркін күресте 1 және әйелдер күресінде 6 жоқ)

4. Түркия - 11 (еркін күресте 4, грек-рим күресінде 2 және әйелдер күресінде 1 жоқ)

8. Куба - 10 (еркін күресте 3, грек-рим күресінде 1 және әйелдер күресінде 4 жоқ)

8. Қырғызстан - 10 (еркін күресте 3, грек-рим күресінде 2 және әйелдер күресінде 3 жоқ)

10. Моңғолия - 8 (еркін күресте 3, грек-рим күресінде 6 және әйелдер күресінде 1 жоқ)

11. Қазақстан - 7 (еркін күресте 3, грек-рим күресінде 2 және әйелдер күресінде 6 жоқ)

11. Өзбекстан - 7 (еркін күресте 3, грек-рим күресінде 3 және әйелдер күресінде 5 жоқ).