Бішкекке жарысқа барған қазақстандық 15 балуанның 11-і жүлделі қайтты

Редактор
13.05.2024, 15:34

Қазақстан жасөспірімдер құрамасын даңқты балуан Алмат Кебіспаев жаттықтырып жүр

Kazakhstan Wrestling

Бішкекте 11-12 мамыр күндері грек-рим күресінен U-17 жасөспірімдер арасында халықаралық турнирде Алмат Кебіспаев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады.

Қырғыз жеріне барған еліміздің 15 балуаны табысты өнер көрсетіп, тек төртеуі жүлдеден тыс қалды. Оның ішінде 5 балуан чемпион атанса, үш балуан күміс, тағы үшеуі қолаға қол жеткізді.

Оның ішінде Дамир Әбілда (45 кг), Досбол Шәміл (60 кг), Еркебұлан Анапия (80 кг), Әділет Тойшы (92 кг), Айдос Қайратов (110 кг) Бішкек турнирінде үздік шықты. Ал Нұрдәулет Құмарұлы (45 кг), Сұңқар Зарап (48 кг), Едіге Төлеутаев (51 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Ерболат Қанатұлы (48 кг), Алпамыс Болатұлы (60 кг), Данияр Қанағатбек (65 кг) қола жүлдеге қол созды.

Қырғызстан астанасында өткен турнир жастар арасындағы Азия чемпионаты қарсаңындағы маңызды жарыс саналады. Енді 21-30 маусым күндері еліміздің U17, U23 құрамасы Иордания астанасы Амманда сары құрлық біріншілігінде бақ сынайды.