Ол – қазір аудан әкімі
Тағы бір шенеунік әйелін ұрды деген күдікке ілінді. Бұл жолы Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтің әйелі шағым түсірген.
Шенеуніктің әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваның айтуынша, күйеуі оны тұрақты түрде соққыға жығып, мүгедекке айналдырамын деп қорқытқан. 2023 жылы шенеунікке қатысты «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен, әйелінің сөзіне қарағанда, сол күйі ешқандай шара қолданылмаған.
Ринат Ибрагимовті көпшілік спортшы ретінде де жақсы біледі. Ол бірнеше жыл дзюдо күресінен ұлттық құрамада өнер көрсетіп, екі рет Олимпиадаға қатысқан, ал соңғы жылдары билік тізгінінде жүр. Алдымен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Ал қазір Мақат ауданының әкімі.