Ол финалға дейін үш қарсыласын айқын жеңген болатын
Қазақстан таеквондошысы Мария Севостьянова Азия чемпионатының күміс жүлдегер атанды.
Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан таеквондодан 26-шы Азия чемпионатында отандасымыз финалда есе жіберіп, жарысты екінші болып аяқтады.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Мария Севостьянова әлем чемпионы, Азия ойындары мен Үлкен дулыға бәсекесінің қола жүлдегері Ким Ю-Джиннен айласын асыра алмады.
Ол іріктеу кезеңдерінде Камбоджа өкілі Джулие Мамды жеңіп, вьетнамдық Ти Туеть Траннан басым түсті. Жартылай финалдық сында Қытайлық Тайпей спортшысы Вей Чун-Линді ұтқан болатын.