Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Гимнастшы Нариман Құрбанов Азия чемпионатында топ жарды

Редактор
18.05.2024, 22:31

Милад Карими болса еркін жаттығуда күміс медаль иеленген болатын

olympic.kz

Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финал аяқталып, Қазақстан атлеті Нариман Құрбанов чемпион атанды. 

Нариман ат снарядындағы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтынға ие болды. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Отандасымыз былтыр Сингапурда өткен құрлық біріншілігінде де үздік шыққан еді.

Сондай-ақ, ол 2022 жылы Дохада – күміс, 2023 жылы Сингапурде қола медальге ие болды. 

Аталған сында өзбекстандық Абдулла Әзімов 2-орынға тұрақтаса  (14 633 балл), қола жүлде Иордания спортшысы Абу Әл-Соудға (14.633) бұйырды. Тағы бір қазақстандық спортшы Милад Карими бұл жаттығуда 13.366 ұпаймен 7-орынға жайғасты. Дегенмен, еркін жаттығуда Милад Карими күміс медальға ие болды.

Жарнама
Жарнама