Қарағанды тумасы дзюдодан әлем чемпионатында Әзірбайжанға алтын әкелді

Редактор
21.05.2024, 15:27

Ол ертеректе ата-анасымен тарихи отанына көшіп кеткен

1news.az

Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қарағандыда туған Хидаят Гейдаров чемпион атанды.

Әзірбайжан ұлттық құрамасы атынан күресетін Хидаят 73 келіде сынға түсіп, әлем чемпионатында өзінің 4-ші жүлдесіне ие болып отыр. 

27 жастағы спортшы бүгінде әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Ол Абу-Дабидегі маңызды сында барлық белдесуінде сауатты күресіп, финалда жапон балуанынын иппонмен жеңді.

Айта кететін жайт, Гейдаров 2018, 2019, 2022 жылдары әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, ол Еуропа біріншілігін 4 рет ұтты.

Ұзақ жылдар бойы Әзірбайжан ұлттық құрамасында №1 дзюдошы болған Рустам Оруджевтің тасасында қалып, Токио Олимпиадасына қатыса алмаған еді.