Әлішер Ерғали Олимпиададан кейін ММА-да төбелесуі мүмкін

Редактор
21.05.2024, 20:26

Оның бұрынғы ресейлік қарсыласы қазір аралас жекпе-жекте бағын сынап жүр

Ұлттық Олимпиада комитеті

Еркін күрестен Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген Әлішер Ерғали ресейлік Бабули «Ингуш Халк» Цолоевтың ұсынысына жауап беріп, өз жоспарын айтты. 

Sport Plus Qazaqstan-ның жазуынша, спортшы қазір Олимпиадаға қатысуды ғана көздейді.

«ММА туралы ойланбаппын. Қазір менің басты назарымда — Париждегі Олимпиада ойындары. Төртжылдықтың басты додасына қызу дайындық үстіндемін. Ал, Олимпиададан кейін аралас жекпе-жек жайында көре жатармыз», — деді Әлішер Ерғаи.

Бұған дейін Бабули Цолоев Алматыда өткен Fight Night және NAIZA турнирінде алғашқы раундта ирандық Амир Хусеин Талукты жеңді. Жарыс алдында Цолоев қазақ балуанына күресте жеңілгенін атап, енді октагонда кездескісі келетінін айтқан болатын.