Әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан дзюдошылары бүгін де жүлдесіз қалды

Редактор
22.05.2024, 16:07

Қоржында жалғыз қола медаль бар

olympic.kz

Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті күні Қазақстан дзюдошылары үшін нәтижесіз аяқталды. Бірінші белдесуін жеңіспен аяқтаған Екатерина Токарева екінші айналымнан аса алған жоқ.

70 келіде екінші белдесуін өткізген Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі испан спортшысынан жеңіліп қалды.

Ал, бұған дейін 78 келіде белдескен Аруна Амангелдиева британдық Эмма Рейдтен ұтылған еді. Осылайша бүгін белдескен Қазақстан спортшылары әлем чемпионатын нәтижесіз аяқтап отыр.

Аталған сында әзірге Қазақстан дзюдошылары арасында Абиба Әбужақынова ғана қола жүлде иеленді. Өзгелері іріктеу кезеңдерінде сүрінсе, Елдос Сметов бесінші орынға тұрақтады.