Қырғыздар тарихында алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының медалін еншіледі

Редактор
22.05.2024, 21:18

Бұған дейін Олимпиаданың алғашқы медалін этникалық қазақ балуаны әперген еді

Kaktus.media

Дзюдодан БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Алатаудың арғы жағындағы Қырғыз елі тарихи жүлдесін еншіледі.

Нақтырақ айтсақ, 90 келіде күрескен Ерлан Шеров Қырғыз еліне тарихи қола медальды алып берді. Ол кіші финалда Италия спортшысы Кристиан Парлатиді жеңді. Бұл – Қырғызстан тарихындағы дзюдодан әлем чемпионатындағы алғашқы жүлде.

Айта кететін бір жайт, 2000 жылы Сиднейде қазақ балуаны Айдын Смағұлов қырғыздарға Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлаған. Бірақ бауырлас елге әлем біріншілігінде жүлде бұйырмай жүр еді.

Ерлан Абу-Даби татамиінде Сербия, Бельгия балуандарынан басым түсті. Жартылай финалда Жапониядан келген Гоки Тажимаға голден скорда есе жіберен.