Қазақстан әлем чемпионатында Испаниямен және Ливиямен ойнайды

Редактор
26.05.2024, 22:15

Әлем чемпионаты 14 қыркүйекте басталады

ҚФФ

Бүгін Самарқанда (Өзбекстан) футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

Командалар ФИФА рейтингіне сәйкес себеттерге бөлінді. Қазақстан екінші себетке түскен еді.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы D тобында: Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен бірге бір топта өнер көрсетеді.

Футзалдан әлем чемпионаты 14 қырқүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қалсында: Ташкент, Бұхара және Әндіжан қаласында өтеді.