Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ғалия Тынбаева сенімді ақтамады»: бас бапкер әлем чемпионаты туралы

Редактор
27.05.2024, 14:08

Ол Астанадағы жарыстан кейін қалпына келіп үлгермеген

Қазақстан дзюдо федерациясы

Абу-Дабиде өткен әлем біріншілігінен кейін дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Olympic.kz сайтына пікір білдірді.

Оның айтуынша, әйелдер құрамасын дайындауға қыруар күш жұмсалып, қомақты қаржы бөлінген. БАӘ-де өткен сын әйелдер құрамасына үлкен тәжірибе болған көрінеді.

«Ерлерге қарағанда, қыздар командасын көтеру оңай емес. Абибаның өзін осы деңгейге шығаруға 5 жыл уақыт кетті. Көп қаражат, көп жаттығу қажет. Әлем чемпионатын бір қоламен аяқтадық. Ғалия Тынбаеваға да сенім артып едік. Ол Астанадағы турнирден соң қалпына келе алмады. Екатерина Токарева жайлы да солай айтамын. Дегенмен, қыздарымыздың аяқ алысы жаман емес. Мұндай ірі жарыстар психологиялық тұрғыдан үлкен күш береді. Әрі үлкен тәжірибе жинайды», - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

19-24 мамыр күндері Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз қола жүлде иеленген еді. Ол әйелдер құрамасының мүшесі Абиба Әбужақыноваға тиесілі. Сондай-ақ, Елдос Сметов үшінші белдесуде оңбай ұтылып, бесінші орынға тұрақтады. Өзге балуандардың барлығы іріктеу кезеңдерінде жаппай сүрініп, әдеттегіше жүлдесіз қалды.

Жарнама
Жарнама