Елдос Сметов Қазақстан чемпионатына қатыса алмайтын болды

Редактор
10.11.2023, 21:28

Ол соңғы уақытта бірнеше рет салмақ ауыстырған

olympic.kz

Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов 12-15 қарашада Астанада дзюдодан өтетін ел чемпионатына қатыспайды. Спортшы бұл жағдайды өзінің жарақатымен байланыстырып отыр.

Токио Олимпиадасынан кейін 66 келіге ауысқан спортшы бірнеше турнирдегі сәтсіздігінен кейін бұрынғы салмағына қайта оралған болатын. Осылайша ол 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 60 келіде қола жүлде иеленді. Алайда, биыл Дохада өткен дүниежүзілік біріншілікте Сметов жүлдеден тыс қалды.

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін жарысқа еліміз бойынша 500-ге жуық дзюдошы бақ сынамақ. Олардың қатарында Нұрқанат Серікбаев, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай сынды белгілі спортшылар бар.

Материалда: