Әлем чемпионатында қазақстандық қос самбошы жүлде алды

Редактор
11.11.2023, 10:55

Чемпионат 12 қарашада аяқталады

Фото ашық дереккөзден

Ереванда самбодан өтіп жатқан әлем чемпиоатының алғашқы күнінде қазақстандық қос балуан қыз жүлдегер атанды. Олардың бірі финалға шықса, екіншісі қола жүлде үшін күресте басым түсті.

Әлем чемпионатының финалында 50 келі салмақта белдескен Маргарита Бажаева күміс медальға ие болып отыр. Ол шешуші бәсекеде өзбек қызы Гулсевар Ураковаға есе жіберген. Отандасымыз Маргарита былтыр да әлем біріншілігіне қатысып, 5-орынға тұрақтаған.

Сондай-ақ, 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін 2022 әлем чемпионы, белорусь Алена Купаваны сан соқтырды. 

Арменияда басталған жаһандық біріншіліктің алғашқы күнінде отандық самбо шеберлері әзірге 1 күміс және 1 қола жүлдемен көзге түсті.