Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Волейболдан Қазақстан қыздар құрамасы халықаралық жарыстың финалына шықты

Редактор
29.05.2024, 11:07

Финалда біздің қыздар бұған дейін жеңіліп қалған Вьетнам волейболшыларымен тағы ойнайды

Қазақстан волейбол федерациясы

Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шықты.

Сара Анарқұлова бастаған қыздар жартылай финалда жарыс қожайыны –Филиппин командасымен сынға түсті. Бұл кездесуде жерлестеріміз үш партияда оңай жеңді. Қорытынды есеп – 3-0 (25-23, 25-21, 25-14).

Матчта ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады (19 балл). Одан кейін Светлана Николаева 11 нәтижелі әрекет жасады. Қарсылас сапындағы үздік – Ара Паник (14 ұпай).

Ришат Гилязутдинов баптайтын біздің команда турнирдің топтық кезеңінде Индонезия, Гонконг, Сингапурды ойсырата ұтқан. Ал екінші матчта Challenge Cup-тың қазіргі чемпионы Вьетнамға жол берген. Енді 29 мамырда Астана уақытымен 16:00-де финалда кім мықтыны анықтайды.

Топтық бәсекеде қазақстандықтар Вьетнам қыздарына 1:3 есебімен есе жіберген еді. Енді біздің құраманың қарымта қайтаратындай мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Challenge Cup бәсекесіне алғаш рет қатысып жатыр. Финалды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жарнама
Жарнама