Сметов, Серікбаев, Шамшадиннің қайсысы Олимпиадаға баратыны іріктеуде анықталады

Редактор
03.06.2024, 17:38

Бұған дейін Мағжан Шамшадиннің бапкері Қален Қалиұлы федерация тарапынан болып жатқан әділетсіздіктерді айтқан еді

olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында үш дзюдошы арасында іріктеу белдесулерін өткізеді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Іріктеу белдесулері ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 7 маусым күні ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша, жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық үш спортшы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр. Іріктеу белдесулері туралы толығырақ мәлімет қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Мағжан Шамшадиннің бапкері Қален Қалиұлы федерация тарапынан болып жатқан әділетсіздіктерді айтқан еді.