Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 8 дзюдошы қатысатын болды

Редактор
05.06.2024, 10:15

Қазақстан Олимпиада ойындарында ерлер арасында 90 келіден жоғары және 100 келіден жоғары салмақта, әйелдерде 52, 57, 70 және 78 келіде спортшы апара алмайды

olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына 8 лицензия иеленді деп хабарлады 1bol.kz.

Ерлер арасында 60 келіде үш бірдей спортшымыз – Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин жолдамаға иелік етті. 

Енді солардың арасында қайсысы төртжылдықтың бас додасына баратыны 7 маусым күні Алматыда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында анықталады. 

  • 60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев 
  • 73 келі: Данияр Шамшаев 
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар 
  • 100 келі: Шархан Нұрлыхан

Әйелдер арасында 48 келіде де екі жолдама иесі бар: 

Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева. Дегенмен, әлем чемпионатының алдында қай спортшы үздік нәтиже көрсетсе, Парижге соның баратыны ескертілген. Ал, Абиба Абу-Дабидегі әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді. 

Әйелдер: 

  • 48 келі: Абиба Әбужақынова (Ғалия Тынбаева)
  • 63 келі: Есмигүл Куюылова
  • +78 келі: Камила Берліқаш

Осылайша, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 90 келіден жоғары және 100 келіден жоғары салмақта спортшы апара алмайды. Ал әйелдерде 52, 57, 70 және 78 келіде жолдама жоқ.