Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ризабек Айтмұхан Венгрия турнирінде Әлішер Ерғалимен күреспейтін болды

Редактор
06.06.2024, 16:29

Әлішер Ризабектің әзірбайжандық балуанды кеткен «ақысын» ала ала ма?

olympic.kz

Венгрияда өтіп жатқан рейтингтік турнирде 97 келіде Қазақстан құрамасының екі балуаны жүлде үшін күреседі. Олардың бірі Әлішер Ерғали финалға шықса, Ризабек Аймұқан қола үшін сынға түседі.

Әлішер Ерғали іріктеу кезеңінде түрік балуанын 4:1 есебімен ұтса, ширек финалда грузин балуанын 6:2 ұпайымен жеңді. Ал жартылай финалда Иран спортшысынан 3:2 ұпайымен басым түсті.

Енді ол финалда әзірбайжандық Магомедхан Магомедовпен белдеседі. Ал жартылай финалға әзірбайжан балуанымен белдескен Ризабек финалға шыға алмады.

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Магомедхан Магомедовпен күресте 15:7 ұпайымен жол берді. Бастапқыда отандасымыз Әзірбайжан спортшысын 5:0 есебімен жеңіп жатқан еді. Алайда, тегеурінді күрес көрсеткен қарсыласы оны жеңіп кетті. Енді Ризабек қола жүлде үшін словакиялық Батырбек Цакуловпен күреседі.

Бұған дейін Юсуп Батырмырзаев Венгрия турнирінің жартылай финалында 125 келіде грузиялық даңқты балуан, Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Гено Петрошвилиді тушемен ұтқан болатын.

Жарнама
Жарнама