Ұлттық құрама қоржынында тағы бір күміс пен, бір қол медаль бар
Венгрияда басталған рейтингтік турнирде еліміздің еркін күрес балуандары алғашқы күні 3 медальға қол жеткізді.
Олардың арасында 97 келіде Әлішер Ерғали жеңімпаз атанса, Ризабек Айтмұқан қола медальға ие болды. Сонымен бірге, 125 келіде Юсуп Батырмырзаев финалда АҚШ балуаны Марк Парриске 2:0 есебімен жол берді.
Әлішер Ерғали финалға дейін Түркия, Грузия, Иран балуандарын ұтып, ақтық белдесуде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әзірбайжан балуаны Магомедхан Магомедовтен басым түсті. Ал осы салмақта белдескен Ризабек Айтмұқан жартылай финалда Әзірбайжан балуанынан ірі есеппен ұтылып, қола жүлде үшін күресте словакиялық Батырбек Цакуловты 4:2 есебімен қапы қалдырды.
Аталған турнир 9 маусымға дейін жарысады. Еркін күрестен елімізден 4 балуан барған болатын. Ертең 86 келіде Азамат Дәулетбеков бозкілемге шығады. Ол алғашқы белдесуін Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, санмаринолық Майлз Аминеге қарсы өткізеді.