Қазақстан спортшыларының Париж Олимпиадасына иеленген жолдамалар саны 70-ке жуықтады

Редактор
10.06.2024, 15:22

Қазақстанның бокс құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

olympic.kz

Халықаралық нысана көздеу федерациясы әлем кубогының барлық кезеңдік жарысынан кейін олимпиадалық рейтингін жаңартты. 

Жаңа рейтинг бойынша қазақстандық Ирина Юнусметова Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық құрама мергені қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға қол жеткізіп отыр.

Бұл – Қазақстан құрамасы спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия. Бұның алдында Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу), Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Париж жолдамасын еншілеген болатын. 

Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жекелей сын бойынша болып отыр.   

Айта кететін жайт, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары иеленген лицензия саны 67-ге жетті.