Ол әділдіктің орнауын 13 жыл бойы күткен
Таяуда ғана Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері деп ресми танылған қазақстандық Анна Нұрмұхамедова медальін «жууды» бастап кетті.
Ол өзінің жақын құрбыларымен бірге қуанышын атау кезінде күміс жүлдесін сыра толы шөлмекке салып, артынан ішімдікті сіміріп алды.
Лондон Олимпиадасында 69 келіде сынға түсіп, алайда 5-ші орынға табан тіреген Анна төрешілер тарапынан әділетсіздікке ұшыраған еді. Ол 12 жыл бұрын өткен сында тиісті салмақты еңсерсе де, қазылар алқасы оны есепке алмады.
Алайда, кейін бұл салмақта 3 спортшы допинг бойынша айыпталып, кейін олардың медальдарын ХОК кері қайтарып алды. Бұл ретте Анна Олимпиада комитетінің шешімімен күміс жүлдегер деп танылып, маусым айында Перуде жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында оған жүлде ресми түрде табысталды.
Бұған дейін Лондон Олимпиадасында еркін күрестен 5-ші орынға тұрақтаған павлодарлық Дәулет Шабанбайға да қола медаль табысталған еді. Ол ХОК шешімімен ресми түрде жүлдегер деп танылып, 2022 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында қола медальға ие болды.