«Арықтап кеттім»: Светлана Подобедова екі айда 6 кг салмақ тастады (ВИДЕО)

Редактор
11.06.2024, 12:17

Ол қазіргі таңда қыз-келіншектерді фитнес бойынша жаттықтырады

instagram.com/svetlanapodobedova/

Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, белгілі спортшы Светлана Подопедова аз ғана уақыт ішінде біршама салмағынан арылды.

Бүгінде фитнес бапкер болып жұмыс істейтін ауыратлет тұрақты жаттығудың арқасында артық салмақтан арылыпты. 

«Сүйікті жаттығуымның арқасында екі ай ішінде тура 6 келі салмақ тастадым», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Үлкен спорттағы мансабын аяқтаған соң тұрмыс құрған Подобедова қазіргі уақытта өзінің сүйікті ісін тапқан. Ол қыз-келіншектерді фитнес бойынша жаттықтырып жүр. 

Бүгінде бір бала тәрбиелеп отырған ауыр атлеттің күйеуі Астана қаласында аралас жекпе-жек бойынша бапкер болып жұмыс істейді. Спортшылар отбасы үнемі әлеуметтік желіде белсенділік танытып, жаттығу барысынан жиі фотосуреттер жариялайды.

2016 жылы допинг бойынша айыпталған Светлана Подобедованың Лондон Олимпиадасында көрсеткен үздік нәтижесі ХОК тарапынан жоққа шығарылған болатын. Ол шарт бойынша Олимпиада алтынын қайтарып беруі тиіс болған. Алайда, Светлана медальін жоғалтып алғанын айтып, ХОК-қа медальін бермеді.