Қарағанды облысында жамбылдық 3 көкпаршы жол апатынан қайтыс болды

Редактор
11.06.2024, 17:05

Сондай-ақ, көкпар жылқылары да қырылып қалды

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды-Балқаш тас жолында көкпардан Жамбыл облысының командасы мінген көлік жол апатына ұшырап, үш адам қайтыс болды.

Олар Қарқаралы ауданында жаңа мешіттің ашылу құрметіне орай өткен республикалық көкпарда топ жарып, үйге қайтып бара жатқан. 

Жеңіл көлікте Жамбыл облысының көкпаршылары болғаны айтылды. Жолда келе жатқанда олар жүк көлігіне соғылған. Оқиға орнында 2 адам бірден қайтыс болса, тағы біреуі ауруханада есін жимастан бақиға аттанды.

Ал қалған 2 спортшының ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен бірге, жүк көлігіне тиелген жылқылар да мерт болған.