Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Үстел теннисінен Қазақстан қоржынына Олимпиада жолдамасы түсті

Редактор
12.06.2024, 13:34

Қазақстанның Олимпиада ойындарына иеленген жолдамалар саны 70-ке жуықтады

olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко Париж ойындарына қатысатын болды. Ол олимпиадалық цикл барысындағы іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпай нәтижесі бойынша Олимпиадаға жолдама иеленіп отыр. 

Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде қазақстандық теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. 

Герасименко осымен үшінші рет Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Ол бұған дейін Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан болатын. Алайда, жүлделі орындарға іліне алмады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан спортшылары иеленген жолдамалар саны 69-ға жетті. Оның ішінде ең көп жолдаманы еліміздің боксшылары иеленіп отыр.

Жарнама
Жарнама