Олимпиада жүлдегері болған Тәжікстан дзюдошысы Ресейде бапкерлікпен күн көріп жүр

Редактор
14.11.2023, 19:48

Ол Мәскеудегі жертөлелердің бірін спортзалға айналдырған

Фото ашық дереккөзден

Дзюдодан Бейжің олимпиадасында қола жүлдегер атанған Тәжікстан спортшысы Расул Бокиев күн көріс үшін Мәскеуде бапкерлікпен айналысып жүр. Өз елінің намысын қорғаған спортшы араға талай жылдар салып Ресей астанасында арнайы зал ашып, орыс балаларын баптауға кірісті.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бейжің олимпиадасында үздік үздікке енген талантты балуан тәжік жерінде өзінің әлеуетін пайдаланбаған сияқты. Оған жергілікті спорт саласының басшылары да мүдделі емес көрінеді. Бүгінде Мәскеуде «Расул Бокиевтің дзюдо залы» деген атаумен жертөленің бірін жаттығу залына айналдырған тәжік спортшысы қазір тәп-тәуі табыс тауып жүр.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында көптеген суреттер мен бейнежазбалар жариялап жүр. Сондай-ақ, Ресей құрамындағы республикалардың спортшыларынан қатысумен өзінің турнирін өткізіп үлгерді.

Расул Бокиев 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жүлдегер атанған соң ойлана келе Ресейге қоныс аударған болатын. Елдің азаматтығын алған ол 2009 жылы РФ чемпионатында 73 келіде чемпиондыққа қол жеткізді. Сонымен бірге, 2009-2011 жылдар арасында сол елдің ұлттық құрама сапында әлем кубогінде үш рет жеңімпаз атанғаны тағы бар. Сөйтіп Лондон Олимпиадасына Ресей атынан қатысуды жөн көрген оны Тәжікстан билігі райынан қайтарған еді. Қайтадан өз отанына оралған ол тұманды Альбиондағы сынға тәжік елінің атынан қатысқанымен жүлдеден тыс қалды. Есесіне Ресей атынан күрескен 73 келідегі Мансұр Исаев Олимпиаданың алтынын иеленді.

Материалда: