Қазақ баласы шахматтан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Редактор
13.06.2024, 20:35

Ол 2022 жылы да 18 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған болатын

KazChess/КФШ

Үндістанның Дели қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Қазыбек Нөгербек жарыс жеңімпазы атанды.

Қазақ баласы классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі – 2501.

Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған болатын.

Делидегі чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.