+78 келіде күресетін дзюдошы ірі жарыстарда жүлделі орындардан жиі көрінеді
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Кәмила Берліқаш өзінің жар таңдауда қателеспегенін айтады. Олар бірін бірі сөзсіз түсінеді. Жолдасы жарыста да, жарыстан тыс та үнемі қолдау көрсетіп отырады екен.
Камиланың күйеуі де спортшы. Қазіргі уақытта жаттығуда да көп көмегін тигізіп жүр. Тіпті маңызды жарыс алдында татамиде бірге күреске көрінеді.
«Жұптар бір-бірін түсінсе өте жақсы. Менің ойымша солай. Менің күйеуім спортшы. Ол менің толықтай түсінеді. Шаршасам мазамды алмайды. Мен де солай істеймін. Бір-бірімізде 100 пайызға толықтай түсінеміз. Ол әлем чемпионатына бір апта қалғанда маған спарринг серіктес болды», - деді ол «Спорт министрі» арнасына берген сұхбатында.
Кәмила Берліқаш дзюдодан +78 келіде күреседі. Жетісу облысының өкілі биыл Париж Олимпиадасына қатысады. Аса ауыр салмақта ол өткен жылы Гранд Слэм бәсекесінің финалыан шыққан болатын. Маңызды жарыстарда жүлде алып жүрген татами шебері Олимпиада ойындарында үздік үштік құрамына қосыларына сенімді екенін айтып отыр.