Төрт ойынға созылған финалдық ойынның үшеуінде «Семейдің» бағы жанды.
Футзалдан ел чемпионатының кезекті маусымы аяқталды. «Семей» (Абай облысы) клубы құрыла салып, 20 жыл (2004 жылдан бері) жеңімпаз болып келген «Қайратты» (Алматы) финалда жеңді.
Төрт ойынға созылған финалдық ойынның үшеуінде «Семейдің» бағы жанды. Алматыда өткен алғашқы матчта екі команда 2:2 есебімен тең түсіп, жеңімпаз пенальтиден анықталды. Жеңіске «Семей» жетті. Келесі күні алматылықтар есе қайтарды.
Ал осы сенбі-жексенбіде «Семей» екі ойында да ұтып алды. Сөйтіп, бразилиялық Дави Мендонса жаттықтыратын команда «Қайраттың» 20 жылдық гегомониясын бұзды.
Енді «Семей» келер маусымда чемпиондар лигасында «Қайратпен» бірге ел намысын қорғайды.