«Қазақ королі» Оңтүстік Америка чемпионымен кездесу өткізеді

Редактор
17.06.2024, 10:04

Қазақстандық боксшы 12 айқасын нокаутпен аяқтаған

Steve Welsh/PA Images via Getty Images

Кәсіпқой бокста Екінші жартылай орта салмақта «Қазақ королі» лақап атымен танымал Сұлтан Зауырбек келесі жекпе-жегін 21 маусымда өткізеді.

Сол күні Англияның Болтон қаласында британиялық Линдон Артур шығады. Ол былтыр ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліс тапқан.

Ал жеңілмеген Сұлтан Зауырбкк аргентиналық Роман Рубен Рейносомен кездеседі. Қарсыласы осыған дейін рингте 27 кездесу өткізген (22 жеңіс, 4 жеңіліс, 2 тең жекпе-жек). Ол - Оңтүстік Америка чемпионы.

Айта кетейік, Сұлтан өзінің 17 жекпе-жегінің онын Англияда өткізді. Қазақстандық боксшы 12 айқасын нокаутпен аяқтаған.