18 жастағы спортшы Олимпиада алдында көз жұмды

Редактор
17.06.2024, 17:41

Райстың денесі қайықтың астынан табылды

beauoutteridge

18 жастағы спортшы Джексон Джеймс Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бірер апта бұрын қайтыс болды.

Райс Олимпиада ойындарында Тонга корольдігінің атынан бақ сынайтын бірінші еуропалық спортшы атануы мүмкін еді. Ол Олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған кайтбордингтен бақ сынауға жолдама алған.

Спортшы 15 маусым күні Тонгада суда жүзіп жүріп қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша, ол судың астында есінен танып қалған. Райстың денесі қайықтың астынан табылды. 

Желкенді спорттан Олимпиада жарыстары 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Материалда: