Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекте жеңіске жететініне сенімді

Редактор
18.06.2024, 11:39

Ол әлем чемпиондарына қорқытып қойды

x.com/qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында жаңа мәлімдеме жасады.

Боксшы өзінің жаттығу барысынан сурет жариялап, жеңетініне сенімді екенін атап өтті.

Мен қазір нағыз бабымдамын, кез-келген чемпионды жеңемін. 13 шілдеде мен бүкіл әлемге «қазақ стилін»  көрсетемін, - деп жазды Жәнібек  X парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек бұл кездесуде орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғайды. Михайлович - IBF желісі бойынша міндетті қарсылас.