Абиба Әбужақыноваға Олимпиада алдында жаңа атақ берді

Редактор
19.06.2024, 20:25

Абиба Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған

ҰОК

Қазақстандық танымал дзюдошы, әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері атағы тапсырылды.

Бұл атаққа 48 келінің өкілі биылғы әлем біріншілігінде екінші медалін иеленген соң қол жеткізді. Естеріңізде болса, Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. 

Абибаның бұдан бөлек рейтингілік Гранд Слэм жарыстарының жеті дүркін жүлдегері, рейтингілік Гран-При жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері деген атақтары бар.