Джиу-джитсудан 8 рет әлем чемпионы атанған қыз мектепті «Алтын белгіге» бітірді

Редактор
19.06.2024, 22:36

Жібек 9 жасынан бастап спортпен шұғылданады

instagram.com/zhibek_bjj

Джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы, грэпплингтен әлем біріншілігінің жеңімпазы Жібек Құлымбетова мектепті «Алтын белгіге» тәмамдады.

Спортшы қыз Instagram парақшасында «Алтын белгі» табыстау рәсімінен видео жариялады.

Білім жолында мені қолдаған ұстаздарыма, ата-анама және достарыма алғыс айтамын. Алда өмірдің жаңа кезеңі тұр. Мен жаңа жетістіктерге дайынмын!, - деп жазды спортшы.

Жібек 2023 жылы Астанада өткен Ju-Jitsu Youth World Championship жарысында топ жарып, алтын медаль иеленген еді. Осылайша джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы атанды. 

Айта кетейік, Жібек Алматы облысы Іле ауданының тумасы. 9 жасынан бастап спортпен шұғылданады. Қазір спорт шебері, «Намыс» төсбелгісінің иегері. Бауыржан Момышұлы және «Дара бала» медальдарының иегері.